"Бір өлке - бір тұлға" акциясы 2024 - ҚАБИБОЛЛА СЫДИЫҚҰЛЫ
Биылғы жылы өлкелік "Бір өлке - бір тұлға" акциясы аясында ақын, ғалым-зерттеуші Қабиболла Сыдиықұлының 90 жылдығына орай кітап көрмелер, библиографиялық көрсеткіштері, кездесулер, сұхбаттар, конференциялар т.б. ұйымдастырылады.
Қабиболла Сыдиықұлы ақын-жыраулар мұрасын, халық әндерін, ауыз әдебиеті нұсқаларын, шежірелер мен тарихи деректерді жинауға зер салды.
Қабекеңнің қатысуымен «Біржан сал мен ақын Сараның айтысы» (1960), «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (1967), «От ортасынан оралмағандар» (1972), «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері» (1976), «Абай шығармаларының екі томдығы» (1977), «ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982), «Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті» (1983), «Қазақ фольклоры мен әдебиет шығармаларының текстологиялық зерттелуі» (1983), «ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы» (1985), «ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары» (1988), «Қазақ поэзиясының антологиясы» (1992), «ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті», «Батырлар жыры» 5,6 томдар, «Алқаласа әлеумет» (1991), Таңдамалы шығармаларының 3 томдығы, т.б. сияқты құнды кітаптары жарық көрді.
Құрметті оқырман! Сіздің назарыңызға Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана қорына ұсынған Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап ...